Бізге жазылыңыз:

Оқушыларды мектепке дайындау үшін ата-аналарға шамамен 20 млрд теңге аударылды

Оқушыларды мектепке дайындау үшін ата-аналарға шамамен 20 млрд теңге аударылды
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Қолдау 430 мыңнан астам баланы қамтыды, бұл жалпы алушылар санының 87%-ына жуық.

2025 жылы көмек 500 мыңнан астам балаға көрсетіледі. Оның ішінде — жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар, аз қамтамасыз етілген және атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың балалары, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар бар.

Бүгінде Астана мен Шымкент қалаларында қаражат толық көлемде аударылып, 100% отбасы көмек алды.

— Өңірлер ата-аналардың есепшоттарына қаражатты белсенді түрде аударуда. Көмек алғандар сатып алынған тауарларды растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс. Төлемді алу үшін өтініш жазу жеткілікті, — деп атап өтті Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.
2025 жылы «Жалпыға бірдей білім беру» қоры бойынша жалпы қаржыландыру көлемі 23,1 млрд теңгені құрайды. Төлем мөлшері өңірлік бюджетке сәйкес, мәслихат шешімі негізінде белгіленеді және бір балаға кемінде 46 228 теңгеден төмен болмауы тиіс.

Ұқсас материалдар