«Өткен жылғы тәжірибе көрсеткендей, негізінен бағаның күрт шарықтауы болмайды. Аи-92 мен дизель отынының бағасы біртіндеп көтерілетін шығар», – деді ол журналистерге берген сұхбатында.
Алайда ол бағаның нақты қалай және қандай мерзімде өсетінін нақтылаған жоқ.
Үкімет коммуналдық тарифтерге, жанармай, дизель отыны және тағы басқа тауарлар бағасын өсіруге мораторий енгізген. Бірақ оның күші аяқталғаннан кейін жанармай құю бекеттерінде Аи-92 мен дизель отынының бөлшек саудадағы бағасы күрт өсе қойған жоқ. Астанадағы жанармай бекеттерінде Аи-92 литрі 235-237 теңге деңгейінде сақталып тұр.
2026 жылдың наурызындағы жағдай бойынша, Орталық Азия елдері арасында ең арзан жанармай Қазақстанда тіркелген.





