Бізге жазылыңыз:

Мәдениет және спорт министрлігі туроператорларға қосымша салық туралы түсіндірді

Мәдениет және спорт министрлігі туроператорларға қосымша салық туралы түсіндірді

Мәдениет және спорт министрлігі бірқатар қазақстандық турфирмаға Мемлекеттік кірістер комитетінен (МКК) келген салықтық ескертулер туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды LS.

Вице-министр Ержан Еркінбаевтың айтуынша, мәселе — туркомпаниялардың шетелге аударған сомаға байланысты 20% көлеміндегі корпоративтік табыс салығын (КТС) уақытында төлемегендігі туралы.

«Иә, мұндай жағдай бар. Біз бұл мәселені туризм саласы өкілдерімен де, Қаржы министрлігімен де бірнеше рет талқыладық. МКК пікірінше, бірқатар мәміле бойынша салық төленбеген. Туроператорлар, жұмсақ айтқанда, салықтан жалтарған. Бұл — қылмыстық іс емес, бірақ олар қосымша төлемді өтеуі немесе сот арқылы дәлелдеуі қажет», – деді Еркінбаев.

📌 Туроператорлардың айтуынша, бұл салықтар турпакеттер құнының үштен біріне дейін қымбаттауына алып келуі мүмкін.

🔁 Сонымен қатар, Еркінбаев Қаржы министрлігі әрбір мәмілені жеке қарастырып жатқанын, әділ шешім қабылдау үшін жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Нәтижесін кейінірек хабарлаймыз», – деп түйіндеді вице-министр.

Бұған дейін Малайзия мен Филиппиннен Қазақстанға келетін туристер саны күрт өскені, және шетелдік туристерді тартуға арналған жаңа тәсілдер әзірленіп жатқаны хабарланған болатын.

Ұқсас материалдар