Бізге жазылыңыз:

Ұлттық банк крипторезерв тұжырымдамасын әзірлеп жатыр

Ұлттық банк крипторезерв тұжырымдамасын әзірлеп жатыр
Ұлттық банктегілер қазір бұл жұмыс қандай сатыда екенін мәлім етті.- Қазір уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп тұжырымдама әзірленіп жатыр. Онда қорды қалыптастыру көздері, оны жинақтау және пайдалану тетіктері, сондай-ақ тәуекелдерді басқару мен активтердің тәуекел-профилін айқындау тәсілдері қарастырылады. Ерекше назар халықаралық тәжірибе ескеріле отырып, криптовалюта нарығының құбылмалылығын есепке алу арқылы қорларды (крипторезервті) басқарудың ашықтығы, есептілігі және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне аударылады, - деп жазылған Kazinform сауалына жолдаған жауапта.
Демек, әзірге крипторезерв ретінде нарықтағы қандай криптовалюталардан қор жинақтау көзделіп отырғаны әлі белгісіз. Сондай-ақ, крипторезерв қалыптастыруға қандай көзден қаражат алынатыны, Ұлттық қордың, БЖЗҚ-ның қаражатын жұмсау ықтималдығы да нақтыланбаған.

- Қорды құру мерзімдері мен оның жұмыс істеу тәртібі тиісті тұжырымдамада белгіленеді, - деп жазады Ұлттық банктегілер.

Ұқсас материалдар