Бізге жазылыңыз:

LRT таңғы 6-дан бастап жұмыс істейді: жол ақысын қалай төлеуге болады

LRT таңғы 6-дан бастап жұмыс істейді: жол ақысын қалай төлеуге болады

Астанада LRT пойыздарында бірнеше төлем жүйесі қарастырылған. Бұл туралы CTS хабарлады.

Оның ішінде FacePay, LRT көлік картасымен төлеу де бар. FacePay арқылы жол ақысын HalykBank банк қосымшасындағы бет биометриясымен төлеуге болады.

Екінші жолы – LRT көлік картасымен төлеу, LRT көлік картасы құны – 1000 теңге.

Сондай-ақ Visa/MasterCard банк картасы арқылы және HalykBank/KaspiBank-тің QR-коды арқылы төлеу мүмкіндігі бар.

Ал бір реттік билетті LRT кассасынан немесе TVM автоматынан сатып алуға болады.

Айта кетейік, мектеп картасымен төлеген кезде жол жүру тегін болады.

Ескере кететін жайт, елорданың 7 жастан 18 жасқа дейінгі оқу орындарының оқушылары жолда тегін жүруге құқылы.

Бұған дейін билет құны 200 теңге болатыны айтылды.

LRT аялдамалары

LRT бағыты Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы, Қабанбай батыр даңғылы, «Астана жұлдызы» стелласы, «Mega Silk Way» СОО, Ботаникалық бақ, «Абу Даби Плаза» КФК, Министрліктер үйі, Арыс көпірі, Қалдаяқов көшесі, Ұлттық музей, «Нұрлы жол» теміржол вокзалы сияқты Астана қаласының негізгі көшелері мен аудандары бойынша өтеді.

LRT таңғы 06:00-ден бастап, түнгі 23:00-ге дейін жұмыс істейді. 

Ұқсас материалдар