Бізге жазылыңыз:

Әлемдегі ахуалға орай ел бюджеті қайта қарала ма

Әлемдегі ахуалға орай ел бюджеті қайта қарала ма
Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мұнай бағасының өсуі ел бюджетіне қалай әсер етуі мүмкіндігіне орай пікір білдірді.
Оның айтуынша, қазіргі таңда республикалық бюджетті қайта қарауға негіз жоқ. Өйткені жаһандық үрдістерді нақты болжау мүмкін емес.

— Неліктен екенін түсінесіздер ме? Өйткені бұл қандай трендтер екені және олардың қаншалықты тұрақты болатыны әзірге белгісіз. Бізді қазір мұнайдың саудаланып жатқан бағасынан гөрі гуманитарлық жағы көбірек алаңдатады. Бұл қақтығыс тезірек аяқталып, тараптар бейбіт келісімге келгенін қалаймыз. Себебі Иран және ЕАЭО-мен еркін сауда режимі туралы келісімге қол қойғанбыз, сауда белсенді жүргізіліп жатыр. Парсы шығанағындағы барлық елмен де сауда қарқынды. Сондай-ақ Америка Құрама Штаттарымен де қарым-қатынасымыз жақсы. Жыл сайынғы тауар айналымы шамамен 4 млрд долларды құрайды, — деді ол Мәжілістің жалпы отырысынан кейін.
Вице-премьердің атап өтуінше, Қазақстан бұл елдердегі жағдайдың тұрақты әрі болжамды болғанына мүдделі.

Ұқсас материалдар