ЖАҢАЛЫҚТАР
Қызылорда облысында қайтарылған активтер есебінен инфекциялық бөлімше ашылды
Инфекциялық бөлімшенің құрылысы 2,3 млрд теңге сомаға қайтарылған активтердің есебінен қаржыландырылды. Сонымен қатар «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының шеңберінде аудандық ауруханада кардиологиялық және инсульттік бөлімшелерді орналастырумен қосымша құрылыс аяқталды.
Осы мақсаттарға қайтарылған активтердің есебінен 2,1 млрд теңге бөлінді. Соңғы жылдары аурухана үшін 206 млн теңгеге медициналық жабдық сатып алынды, бұл материалдық-техникалық базаны айтарлықтай нығайтуға мүмкіндік берді. Енді аудан тұрғындары облыс орталығына немесе басқа қалаларға бармай-ақ тұрғылықты жері бойынша мамандандырылған медициналық көмек ала алады.
Соңғы үш жылда Қызылорда облысының денсаулық сақтау жүйесін дамытуға 450,1 млрд теңге жұмсалғанын. Бұл халықты толғандыратын өзекті мәселелерді дәйекті түрде шешуге мүмкіндік беретінін айта кеткен жөн.





