ЖАҢАЛЫҚТАР
Конституцияның 30 жылдығына арналған коллекциялық монеталар айналысқа шығады

Монеталарда ел Конституциясын айшықтайтын ашық кітап, ал оның үстінде Қазақстан картасының контуры фонында «30» саны бейнеленген. Қазақстан картасының дәл ортасына күнді бейнелейтін шаңырақ орналасқан. «30» санын бейнелеу ісінде алтын жалату технологиясы қолданылған. Монетаның ерекшелігі де сонда.
Монеталар:
алтын жалатылған 925 сынамды күмістен жасалған. Массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, дайындау сапасы – «proof», номиналы 1 000 теңгелік, таралымы – 1 000 (бір мың) дана; нибрасс/нейзильбер қоспаларынан (биколорлы) жасалған. Массасы 6,45 грамм, диаметрі 24,5 мм, дайындау сапасы – «uncirculated», номиналы 100 теңгелік, таралымы – 5 000 000 (бес миллион) дана.
Номиналы 1 000 теңгелік күміс монеталардың ҚҰБ интернет-дүкені арқылы қашан сатуға шығарылатыны ҚҰБ ресми сайтында қосымша хабарланады.
Номиналы 100 теңгелік биколорлы монеталар циркуляциялық монеталармен бірге ел аумағында еркін айналымда болады.
Коллекциялық монеталар елдің бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкіндегі банктік шоттарға есепке алынуға және аударым жасалуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады.
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.