Жаңа оқу жылының басталуына байланысты Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы Қаныш Сәтбаев атындағы университет студенттеріне арнайы дәріс өткізді.
Кездесу барысында білім алушыларға өнеркәсіптік қауіпсіздіктің стратегиялық маңызы, саланың даму бағыттары және өндірістік нысандарда қауіпсіздік талаптарын сақтаудың қажеттілігі түсіндірілді.
Басқарма өкілдері өздерінің күнделікті қызметі мен негізгі міндеттері туралы айтып, студенттерге саладағы жұмыс ерекшеліктері жөнінде ақпарат берді. Сонымен қатар жастарға болашақ мамандығын таңдауда және кәсіби бағытын айқындауда кеңестер ұсынылды.
Іс-шараның басты мақсаты – студенттердің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласына қызығушылығын арттырып, олардың кәсіби көкжиегін кеңейту. Мамандардың пікірінше, мұндай кездесулер білікті әрі бәсекеге қабілетті кадрларды даярлауға мүмкіндік береді.





