Бізге жазылыңыз:

KazNARU базасында Қазақстан мен Қытайдың халықаралық зерттеу орталығы ашылды

KazNARU базасында Қазақстан мен Қытайдың халықаралық зерттеу орталығы ашылды

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде (KazNARU) Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы мен Қытай ғылым академиясының ынтымақтастығы аясында Center for One Health Research халықаралық ғылыми орталығының салтанатты ашылуы өтті.

Жаңа орталық «Біртұтас денсаулық» (One Health) тұжырымдамасы негізінде бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге, биологиялық қауіпсіздікті нығайтуға, сондай-ақ микробиология, ветеринария және қоғамдық денсаулық сақтау салаларындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Іс-шараға ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев, Қытай ғылым академиясының академигі Гао Фу, Чжэцзян университетінің вице-президенті Ли Сяомин, сондай-ақ екі елдің жетекші ғылыми ұйымдарының өкілдері мен сарапшылары қатысты.

Салтанатты рәсім барысында ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы, Қытай ғылым академиясының Микробиология институты, Чжэцзян университеті және KazNARU арасында төртжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Құжат бірлескен ғылыми жобаларды іске асыруға, ғалымдар мен студенттердің академиялық ұтқырлығын дамытуға, сондай-ақ биологиялық қауіпсіздік, микробиология және One Health бағыты бойынша халықаралық ғылыми байланыстарды кеңейтуге мүмкіндік береді.

Жаңа ғылыми орталық Қазақстан мен Қытайдың бірлескен зерттеулерін жүзеге асыратын халықаралық алаңға айналып, жұқпалы аурулар, микробқа қарсы препараттарға төзімділік, азық-түлік қауіпсіздігі және биологиялық қауіпсіздік салаларындағы инновациялық жобаларды дамытуға жол ашады.

Ұқсас материалдар