Елге шетелден жұмыртқа кіргізуге болмайды. Ауыл шаруашылығы министрі 2026 жылғы 17 сәуірде «Қазақстан Республикасының аумағына жаңа піскен тауық жұмыртқасын әкелуге тыйым салуды енгізу туралы» бұйрыққа қол қойды.
«Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен көліктің барлық түрімен жаңа піскен тауық жұмыртқасын әкелуге алты ай мерзімге тыйым салынсын», – деп жазылған құжатта.
Транзиттік тасымал, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше бір мемлекеттің аумағынан екінші мүше мемлекетке Қазақстан арқылы өтетін жүктер бұл тыйымға жатпайды.
Министрліктің түсіндіруінше, бұл шараның мақсаты – отандық тауар өндірушілерді қолдау.





