Бізге жазылыңыз:

Қазақстандағы уран отынын шығатын жалғыз зауыт таза табысын арттырды

Қазақстандағы уран отынын шығатын жалғыз зауыт таза табысын арттырды

Қазақстандағы том электр станцияларына арналған уран отынын шығатын жалғыз кәсіпорын – «Үлбі металлургиялық зауыты» 2025 жылды 11,8 миллиард теңге шоғырландырылған таза пайда тапқан. Бұл көркеткіш 2024 жылғы 9,75 миллиард теңгемен салыстырғанда 17 пайызға артық. Бұл деректер «ПрайсуотерхаусКуперс» аудиторлары растаған кәсіпорынның ресми есептілігінде жарияланды.

Қазір ауыттың қаржылық ахуалы оның құрамына кіретін еншілес және бірлескен кәсіпорындардың жұмысына тікелей байланысты.

Атап айтқанда, ҮМЗ «Машзавод» ЖШС мен «Ulba-China» серіктестігінің 100% акциясына иелік етсе, «Үлбі ТВС» бірлескен кәсіпорнының 51% үлесін бақылайды.

Бұл құрылым зауыттың жалпы нарықтағы тұрақтылығын қамтамасыз етіп, активтер жиынтығын 116,5 миллиард теңгеге, ал меншікті капиталын 95,5 миллиард теңгеге жеткізуге мүмкіндік берді.

Кәсіпорынның барлық жай акциялары (100%) «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясына тиесілі. Өз кезегінде, ұлттық компанияның 62,99% акциясын «Самұрық-Қазына» қоры, 12,01% үлесін ҚР Қаржы министрлігі иеленсе, қалған 25%-ы еркін айналымда жүр.

Осы басқару тізбегі арқылы зауыт табысының бір бөлігі – 3,6 млрд теңгесі акционерлерге дивиденд ретінде төленбек. Оның ішінде «Қазатомөнеркәсіп» компаниясына 3,36 млрд теңге аударылса, артықшылық берілген акция иелеріне 201,8 миллион теңге үлестіріледі.

Әрбір жай акцияға шаққандағы төлем мөлшері 762,15 теңгені құрап, қаржы 2026 жылғы маусым айының соңынан бастап иелеріне жолданатын болады. 

Ұқсас материалдар