
Вахталық әдіспен жұмыс істейтіндердің:
60,5%-ы (306,6 мың адам) өз облыстарының шегінде еңбек етеді;
37,7%-ы (шамамен 191,1 мың адам) басқа өңірлерге барып жұмыс істейді.
Алматы мен Астанада жарияланған вахталық бос жұмыс орындарының 16,5%-ы осы қалаларға тиесілі деп көрсетілген. Алайда бұл лауазымдардың нақты орындары көбіне Қарағанды, Атырау және басқа облыстардағы шалғай нысандарда орналасқан. Мұндай жұмыстар үшін орташа жалақы 250–300 мың теңге аралығында.
Сұранысқа ие мамандықтар
Жұмыс берушілер вахталық әдіспен жұмыс істеуге көбіне техникалық және жұмысшы мамандарды іздейді. Көп жағдайда вахталық жұмысқа ұсынылатын жалақы осындай қызметтегі тұрақты жұмысқа қарағанда әлдеқайда жоғары.
Мысалы:
2024 жылдың қаңтар–мамыр айларында жалпы жұмысшының (разнорабочий) вахталық бос орны бойынша орташа жалақысы — 408,4 мың теңге болды;
Ал ел бойынша қарапайым көмекші жұмысшының орташа жалақысы — 186,5 мың теңге.
Ең жоғары жалақы ұсынылатын вахталық мамандықтар:
Мұнай-газ саласы: бұрғылаушылар, машинистер, бұрғылау қондырғысының шеберлері —
Атырау облысында оларға дейінгі жалақы — 1 миллион теңгеге дейін.
Жүк көлігінің жүргізушісі: шалғайдағы кәсіпорындарға су жеткізумен айналысады —
жалақысы — 600 мың теңгеге дейін.