
2026–2030 жылдар аралығында елде төрт бірдей газ өңдеу зауыты кезең-кезеңімен іске қосылады. Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлады.
🔹 Кашаган кен орнында екі зауыт салынады — қуаттылығы жылына 1 және 2,5 млрд текше метр. Жобалардың бірі катарлық UCC Holding компаниясымен бірлесіп іске асады.
🔹 Үшінші зауыт Қарашығанақ кенішінде орналасады. Оның қуаты 4 млрд текше метр болады.
🔹 Төртінші кәсіпорын Жаңаөзен қаласында бой көтереді — ҚазГӨЗ зауыты, жылдық қуаты 900 млн текше метр.
Биыл Қазақстанда газ өндіру көлемі 62,8 млрд текше метр болады деп күтілуде. 2024 жылы бұл көрсеткіш 59 млрд болған. Қазірдің өзінде I тоқсанда 17,2 млрд текше метр газ өндірілді.
QazaqGaz қазіргі таңда 15 кен орнында жұмыс жүргізіп жатыр. Аккудук, Шалқар, КТ-III (Chevron), Солтүстік-2 (КазАзот) және басқа учаскелерде барлау жұмыстары жалғасуда. Жалпы ресурстық база 535,5 млрд текше метр газ деп бағалануда, құны шамамен 200 млрд теңге.