«Жаңа нормалар есептеулерді барынша ашық әрі нақты тұтынуға жақындату үшін енгізілді. Әсіресе, коммуналдық жүйеге жүктеме әртүрлі болатын өңірлерге маңызды», – делінген құжатта.
Енді тұрғын үй көмегін есептеу кезінде коммуналдық қызметтердің жаңартылған нормативтері қолданылатын болады.
Газбен қамту қызметі
- көпқабатты үйлер үшін адам басына 15 текше метрден аспайды;
- жеке үйлер үшін үйді жылытуға пайдаланылатын 1 шаршы метрге 15 текше метрден аспайды (жаңа норма).
Жылумен қамту қызметі
- есептегіш құралдары бар тұтынушылар үшін айына 1 шаршы метрге 0,025 Гкал дейін;
- есептегішсіз үйлер үшін нормаларды облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктері белгілейді (ереже жаңа тармақпен толықтырылды).
Электрмен қамту қызметі
- есептеу табиғи монополияларды реттейтін жергілікті органдар бекіткен нормативтер бойынша жүргізіледі.
Сумен жабдықтау және су бұруқызметі
- суық су – адам басына 4 текше метрге дейін;
- ыстық су – адам басына 2 текше метрге дейін.
Қоқыс шығару қызметі
– адам басына 650 теңгеден аспайды.
Лифт (жеделсаты) қызметі
– пәтерге 1300 теңгеге дейін.
Байланыс
– телефон абоненттік төлемінің өсуі – 1399 теңгеден аспайды.
Мемлекеттік тұрғын үй қоры
- мемлекеттік тұрғын үйді жалға алу ақысы – 1 шаршы метрге 120 теңгеден аспайды.
Тұрғын үй нормасы
- әрбір отбасы мүшесіне – 18 шаршы метр;
- жалғыз тұратын азаматтарға – 30 шаршы метрге дейін, бірақ нақты тұрып жатқан аумақтан артық емес.
Министрліктің мәліметінше, бұл жаңартылған нормалар тұрғын үй көмегін әр өңірдің жағдайын ескере отырып, анағұрлым дәл есептеуге мүмкіндік береді.





