Қазақстанда ипотекалық несиелер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесіне қатысты екі шекті мөлшерлеме енгізіледі.
Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлім етті. Оның айтуынша, Ұлттық банк Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп ипотека бойынша 20 пайыз және 25 пайыз көлеміндегі екі шекті мөлшерлемені бекіткен. Жаңа талаптар биыл 1 шілдеден бастап күшіне енеді.
– Бұл қарапайым формула, егер ипотека бойынша бастапқы жарна 30 пайыздан жоғары болса, онда шекті мөлшерлеме 20 пайыздан аспауы тиіс. Ал егер бастапқы жарна 30 пайыздан төмен болса, ипотекалық мөлшерлеме 25 пайыздан аспайды. Бұл банктермен келісілді, алайда әлі де техникалық жұмыстар бар, - деді Тимур Сүлейменов Ұлттық банкте өткен брифингіде.





