— Заң жобасында инвестициялық қорлардың ұйымдық-құқықтық нысандары мен түрлерін кеңейту, оларды құру және қызметін ұйымдастыру тәртібі, біліксіз инвесторлардың мүдделерін қорғау тетіктерін енгізу, сондай-ақ шешім қабылдау функцияларын басқарушы компанияға беру мүмкіндігі көзделген, — деп түсіндірді депутат.
Сондай-ақ депутаттар инвестициялық қорлардың жаңа түрлерін құру және олардың қызметін ұйымдастыруда туындайтын қатынастарды реттеуге, сондай-ақ инвестициялық қорларды бақылау мен қадағалау рәсімдерін регламенттеуге бағытталған екі ілеспе заң жобасын қарады.
Аталған норма қор нарығын дамытуға, инвестициялық қорлар қызметінің ашықтығын арттыруға және инвесторлардың кәсіби деңгейін көтеруге мүмкіндік береді деп болжанып отыр.





