Бізге жазылыңыз:

Қазақстанда банктік құпияны жария етуге негіз болатын талаптарды қайта қарау ұсынылды

Қазақстанда банктік құпияны жария етуге негіз болатын талаптарды қайта қарау ұсынылды

Елімізде банктер туралы жаңа заң жобасы талқылану барысында қаржы секторы өкілдері банктік құпияны сақтау талаптарын күшейту қажеттілігін көтерді.

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрайымы Елена Бахмутованың айтуынша, қазіргі уақытта клиенттің келісімінсіз оның деректерін жария етуге мүмкіндік беретін негіздердің саны 75-ке дейін көбейген. Ал жобаның өзінде банктік құпиядан шығатын жағдайлар 10 бетке жуық қамтылған.

"Банктік құпия – бұл клиент пен банк арасындағы сенімнің негізі. Біз Ұлттық банктің осы ережелерді заңнамада нақты бекіту жөніндегі бастамасын қолдаймыз. Ақпаратты клиенттің келісімінсіз тарату тәжірибесі шектелуі тиіс", – деді ол.

Бұл ұсынысты Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов та қолдады. Оның айтуынша, қазіргі таңда салық органдарының қаржылық ағындар туралы ақпараты жеткілікті, сондықтан банктік құпияның маңызы төмендеп бара жатыр.

Ұқсас материалдар