2026 жылдың қаңтар–мамыр айларында Қазақстанда 1,6 млрд литр минералды су мен алкогольсіз сусын өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17%-ға көп. Ішкі нарықтағы сату көлемі 21%-ға өсіп, 1,7 млрд литрге жетті.
Алкогольсіз сусындар импорты да 29,6%-ға өсіп, 217,1 млн литрді құрады. Нәтижесінде импорттық өнімнің ішкі нарықтағы үлесі 11,4% болды.
Экспорттың негізгі бөлігін қант, тәттілендіргіш немесе хош иістендіргіштер қосылған сусындар құрады. Есепті кезеңде шетелге 172,8 млн литр өнім экспортталып, оның жалпы құны 75,5 млн АҚШ долларына жетті.
Қазақстандық сусындардың ең ірі экспорттық нарығы бұрынғысынша Қырғызстан болып қалды. Бұл елге 94,9 млн литр өнім 39 млн АҚШ долларына жеткізілді. Өзбекстанға экспорт 48,3 млн литрге дейін өсті, ал Ресейге жеткізілім көлемі 2,5 еседен астам артып, 23,5 млн литрді құрады.
Сонымен қатар Армения, Әзербайжан, Грузия, Тәжікстан, Моңғолия және Корея Республикасына экспорт көлемі де айтарлықтай ұлғайды.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда алкогольсіз сусын өндірумен 145 кәсіпорын айналысты.





