Бізге жазылыңыз:

Қазақстанда ақылы жолдардан жиналған қомақты қаражат қайда жұмсалып жатыр

Қазақстанда ақылы жолдардан жиналған қомақты қаражат қайда жұмсалып жатыр
Ақылы жолдардан түскен қаражаттың негізгі бөлігі техника сатып алуға жұмсалып жатыр. Бұл туралы «Қазавтожол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев мәлім етті. — Былтыр ақылы жолдардан 87 млрд теңге жиналды. 2026 жылғы жоспар аясында 97-100 млрд теңге жиналуы мүмкін. Ақылы жолдардан түсетін барлық кіріс автомобиль жолдарын күтіп ұстау мен дамытуға бағытталады, — деді Дархан Иманашев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Осы орайда ол автожолдарды күтіп ұстауға жиналған қаражаттың 30 пайызы жұмсалатынын айтты. Сонымен қатар 10 пайызы жолдардағы бейнебақылау камералары мен қызметкерлерге бағытталады.

— Жалпы, қаражаттың басым бөлігін техника сатып алуға жұмсап келеміз. Мәселен, екі жылда 1200 арнайы техника сатып алдық. Ал биылғы жоспар аясында осындай 800 техниканы алмақпыз. Атап айтқанда, бізге 2 мыңға жуық техника керек. Сол себепті осы мәселеге ерекше назар аударып отырмыз, — деді компания басшысы.

Ұқсас материалдар