Бізге жазылыңыз:

Қазақстанда 6,1 мың фермер көктемгі егіс жұмыстарына қаржы алды

Қазақстанда 6,1 мың фермер көктемгі егіс жұмыстарына қаржы алды

Қазақстанда көктемгі егіс және жиын-терім науқандарына 700 млрд теңгеге дейін қаржы бөлінеді. Оның 560 млрд теңгесі нарықтық көздерден, ал қалғаны жеңілдетілген несиелер түрінде беріледі.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, қазіргі таңда 6,1 мың фермер 382,5 млрд теңге көлемінде қаржы алды. Сондай-ақ, 7 мың өтінім 480,5 млрд теңге сомасына өңделуде.

Фермерлер үшін «Кең дала-2» жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы іске қосылған. Бағдарлама бойынша несиелер жылдық 5% мөлшерлемемен беріледі. Бұған қоса, несиелерді 85%-ға дейін кепілдендіру мүмкіндігі қарастырылған.

Сонымен қатар, техника лизингі бойынша 5% жеңілдетілген шарттар ұсынылады. Осы бағдарлама аясында 3,2 мың өтінім 120 млрд теңге сомасына түскен. Қазіргі таңда 1,8 мың шарт жасалып, 3,4 мың техника бірлігі 60,7 млрд теңге сомасына берілді.

Жалпы, 2025 жылға арналған лизинг бағдарламасының лимиті 200 млрд теңгені құрайды. Жоспар бойынша фермерлер шамамен 6 мың қазақстандық техника бірлігін сатып алуы мүмкін.

Ұқсас материалдар