«Жасанды интеллект министрлігінің иелігінде отандық спутниктердіөндіретін кешен бар. Аталған кәсіпорынның өндірістік қуаттарын жүктеу бойынша біз белсенді жұмысты бастап кеттік. Алдағы жылдары бұл кешенде жерді қашықтан зондтау бағытында кемінде 5–6 спутник өндіріледі. Соның ішінде 75 млн долларкөлемінде экспорт жоспарланып отыр», – деді министр үкімет отырысында.
Мәдиевтің сөзінше, бұл Қазақстан тарихындағы ең технологиялық экспорт болмақ.





