Экспорттық тасымалдар, ең алдымен агроөнеркәсіптік секторда айтарлықтай серпін көрсетіп отыр. Астық экспорты 2 080 мың тоннаға жетті (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда +50%).
Өнеркәсіптік сегментте қара металдар экспорты 43% (442 мың тоннаға дейін) өсті, мұнай өнімдері — 6% (212 мың тонна).
— Қазақстан аумағы арқылы Орталық Азия елдері бағытында транзиттік тасымалдардың оң серпіні сақталуда. Мұнай өнімдері транзитінің көлемі 28%-ға, қара металдар 42%-ға ұлғайды. Азық-түлік жүктерін тасымалдау 28%-ға ұлғайды, — делінген хабарламада.
Кері бағытта транзиттік ағындардың өсуі де тіркелуде. Атап айтқанда, содамен қоса химиялық өнімдерді тасымалдау көлемі 2 есеге (36 мың тоннаға дейін), жеміс-көкөніс өнімдерін тасымалдау көлемі 50% (28 мың тонна), түсті кенді тасымалдау көлемі 10% (56 мың тонна) ұлғайды.
Өңір елдері бөлінісінде Өзбекстанмен тасымалдау көлемі 37%, Түрікменстанмен 31%, Тәжікстанмен 16%, Қырғызстанмен 13% өсіп отыр.
Осылайша, Қазақстан позициясын дәйекті түрде нығайтып, өңірдегі сауда-экономикалық байланыстардың орнықтылығына үлес қосып отыр.





