Бізге жазылыңыз:

Қазақстан мен Польша өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуді көздейді

Қазақстан мен Польша өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуді көздейді

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков Польша Республикасының Климат және қоршаған орта министрінің орынбасары әрі бас геологы Кшиштоф Галос бастаған делегациямен кездесті.

Кездесуде екі ел арасындағы экономикалық және өнеркәсіптік ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері қаралды. Тараптар тиісті ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейту, тәжірибе алмасу және бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктеріне тоқталды.

Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастық шикізатты, аккумуляторларды тұрақты өндіру және құн тізбектерін қалыптастыру саласындағы стратегиялық әріптестік жөніндегі Өзара түсіністік туралы меморандум аясында дамып келеді.

Келіссөздер барысында өнеркәсіптік кооперацияға, заманауи технологияларды өндірісте қолдануға және тиісті құзыреттерді дамытуға ерекше мән берілді. Сондай-ақ Қазақстан мен Польша ұйымдары арасындағы кәсіби байланыстарды нығайту мәселесі талқыланды.

Тараптар Польша тәжірибесі мен технологияларын Қазақстанда қолдану перспективаларын қарастырып, практикалық ынтымақтастықты кеңейтудің ықтимал бағыттары бойынша пікір алмасты.

Кездесу қорытындысында тараптар әріптестік байланыстарды нығайтуға және перспективалы бағыттар бойынша бірлескен бастамаларды ілгерілетуге уағдаласты.

Ұқсас материалдар