Бізге жазылыңыз:

Қазақстан мен Черногория экономикалық серіктестікті кеңейтуді көздейді

Қазақстан мен Черногория экономикалық серіктестікті кеңейтуді көздейді

Астанада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Черногория Президенті Яков Милатовичтің кеңейтілген құрамдағы келіссөздері өтті. Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.

Яков Милатович Қазақстанға жасаған сапары екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 20 жыл толуымен тұспа-тұс келгенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл сапар екіжақты байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Черногория президенті келіссөздер аясында екі елдің сауда-өнеркәсіп палаталары арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылатынын мәлімдеді.

— Мен Қазақстанға тек ресми делегациямен ғана емес, Черногорияның бизнес өкілдерімен де келдім. Экономикалық палата бұл сапардың іскерлік бағытына ерекше мән беріп отыр. Сауда палаталары арасында қол қойылатын меморандум экономикалық ынтымақтастықты жандандырып, жаңа іскерлік байланыстар орнатуға серпін береді деп сенемін, — деді Яков Милатович.

Тараптар сауда, инвестиция және кәсіпкерлік байланыстарды кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударды. Кәсіпкерлер арасындағы тікелей ынтымақтастықты дамыту екі ел арасындағы тауар айналымын ұлғайтуға және жаңа бірлескен жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Меморандум Қазақстан мен Черногорияның бизнес қауымдастықтары арасындағы өзара іс-қимылды күшейтіп, инвестициялық және сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға арналған институционалдық негіз қалыптастыруға бағытталған.

Ұқсас материалдар