ЖАҢАЛЫҚТАР
Қазақстан мен Армения стратегиялық серіктестік туралы тарихи құжатқа қол қояды
Осы орайда Мемлекет басшысы аталған маңызды бастамаларға қолдау көрсеткені үшін Никол Пашинянға зор алғысын білдірді.— Мұны қазақ еліне деген ерекше ілтипатыңыз деп бағалаймыз. Бұл бастамалар Қазақстан мен Армения арасындағы мызғымас достық пен өзара құрметтің айқын көрінісі. Екі ел арасында барлық деңгейде ашық әрі сенімге негізделген саяси диалог қалыптасқан. Аймақтық және халықаралық құрылымдар аясында тығыз әрі тиімді байланыс орнады. Сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және ғылым-білім саласындағы ықпалдастығымыз тұрақты түрде дамып келе жатыр. Бір сөзбен айтқанда мемлекетаралық байланысымыздың сипаты ерекше. Алдағы уақытта да қарым-қатынасымызды дамытуға зор мүмкіндік бар. Бүгін біз екі ел арасындағы қарым-қатынастарды стратегиялық деңгейге көтеру туралы тарихи құжатқа қол қоямыз, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Естеріңізге сала кетсек, Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинян ресми сапармен Астана қаласына кеше келді.
Осыдан біраз уақыт бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапармен келген Армения Премьер-министрі Никол Пашинянмен келіссөз жүргізді.





