Қазақстанның энергетика министрі Ерлан Ақкенженов АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули Стаффтпен кездесті. Тараптар энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті бағыттарын талқылады.
Кездесу барысында тараптар стратегиялық энергетикалық әріптестікті одан әрі нығайтуға және өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін растады.
Келіссөздерде өңірлік энергетикалық қауіпсіздік, экспорттық бағыттардың сенімділігі және әлемдік нарықтарды энергия ресурстарымен тұрақты қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен АҚШ Стратегиялық энергетикалық әріптестік аясындағы сындарлы диалогты жалғастыруға келісті. Сонымен қатар тараптар инвестициялар тартуға және энергетика секторындағы перспективалы бірлескен жобаларды іске асыруға ықпал етуге ниетті.





