Сондай-ақ жаңа ғылыми нысан бұрын препараттарды шетелде сынақтан өткізіп келген дәрі-дәрмек өндірушілер мен халықаралық инвестицияларды елімізге тартуға мүмкіндік береді.
— Ғылыми биотехнологиялық орталық пен виварийді құру — Қазақстанды ірі ғылыми, медициналық, фармакологиялық орталық ретінде таныту үшін өте маңызды қадам. Бұл біздің аймақтағы халықаралық стандарттарға сәйкес келетін алғашқы орталық. Енді Қазақстанның ірі фармакомпанияларды тартуға және елімізді клиникалық, клиникаға дейінгі сынақтардың үлкен орталығы ретінде ұсынуға бірегей мүмкіндігі бар, — деп атап өтті министр.





