Еуразиялық экономикалық форум аясында Еуразиялық тұрақтандыру және дамыту қорының (ЕТДҚ) бас экономисті Сергей Улатов өңірдегі экономика үрдістеріне баға берді.
Қазақстан экономикасы ірі инфрақұрылымды қамтитын жобалар мен инвестициялар арқасында белсенді дамып келеді.
Қазақстан өңірдегі жетекші экономиканың бірі ретінде Еуразиядағы интеграция мен көлік-логистика саласын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Соңғы бес жылда еуразиялық кеңістіктегі елдер нарықтағы жаһандық байланыс трансформациясы арқасында даму қарқынын жеделдетті.
«Еуразиялық экономикалық интеграция: міндеттер мен перспективалар» панельдік сессия барысында ЕТДҚ өкілі Қазақстан экономикасының негізгі көрсеткіштерін атап өтті:
● 2025 жылы ЖІӨ көрсеткіші 6,5 %-ға өсіп, соңғы кездегі ең жоғары нәтижелердің біріне айналды.
● 2022–2025 жылдары құрылыс саласының орташа жылдық өсімі 14 %-дан асты.
● Бөлшек сауда саласы жыл сайын орта есеппен 7 %-ға өсіп отырды.
«Экономикалық өсімнің негізгі драйверлері — мұнай өндіру көлемінің ұлғаюы, инфрақұрылымның дамуы және құрылыс саласының белсенділігі. Бұл экономиканың өсу деңгейінің сақталып отырғанын көрсетеді. Сонымен қатар, экономиканың қызып кетуі жағдайында өсім сапасы мен ықтимал теңгерімсіздіктер мәселесіне ерекше назар аудару қажет», – деді Сергей Улатов.
Спикердің пікірінше, ЕАЭО-ның интеграция жағдайы дәстүрлі сауда қатынастар шеңберінен біртіндеп шығып жатыр. ЕАЭО-ға мүше елдер технологиялық трансформацияға, ауқымды цифрландыруға және адами капиталды дамытуға аса мән беріп отыр.
Сергей Улатов 2026 жылдың 29 қазанында ЕТДҚ Халықаралық экономикалық конференция өткізетінін хабарлады. Іс-шара тұрақты экономикалық өсімнің әлеуеті мен факторларын бағалауға, сондай-ақ Қорға мүше мемлекеттердің еңбек нарығын дамытудағы негізгі міндеттерін талқылауға араналады.





