Бізге жазылыңыз:

Қаржы министрлігі бюджет тапшылығы ненің есебінен қаржыландырылғанын түсіндірді

Қаржы министрлігі бюджет тапшылығы ненің есебінен қаржыландырылғанын түсіндірді
2025 жылы бюджет тапшылығы 4,1 трлн теңгені құрады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде ҚР Үкіметінің 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін таныстыру кезінде Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков мәлім етті.

- Есепті жылы бюджет тапшылығы 4,1 трлн теңгені немесе жалпы ішкі өнімнің 2,5 %-ын құрады. Бюджет тапшылығы негізінен ішкі көздер есебінен қаржыландырылды, - деді Д. Темірбеков.

Оның айтуынша, 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік борыш 36,4 трлн теңгені немесе жалпы ішкі өнімнің 22,8%-ын құрады. Соның ішінде үкіметтік борыш - 34,8 трлн теңге.

- 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік борыш және квазимемлекеттік сектор борышы индикаторларының нақты деңгейі Мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасында белгіленген шектеулерден аспайды, - деді вице-министр.

Ұқсас материалдар