ЖАҢАЛЫҚТАР
Қайтарылған автивтердің 10 миллиард теңгеден астамы Абай облысына су тартуға бөлінді

Өңірде барлығы 21 жоба жүзеге асырылып жатыр, оның жетеуі – Семей қаласында. Сумен қамту жұмыстары ауылдық аумақтарды да қамтиды, атап айтқанда, облыстың Бородулиха, Үржар және Абай аудандарында сумен жабдықтау желілері жүргізіледі.
Бұл жобаларды жүзеге асыру – халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, коммуналдық қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етуге және Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған.Нысандарды биыл пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің деректеріне сәйкес, сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізу Семей қаласында 95,5%-ды, Абай облысының ауылдарында 95%-ды құрайды.