Бізге жазылыңыз:

Өңірлерде ғылымды қаржыландыру 2029 жылға қарай ЖӨӨ-нің 1% -ына жетуі тиіс - Бектенов

Өңірлерде ғылымды қаржыландыру 2029 жылға қарай ЖӨӨ-нің 1% -ына жетуі тиіс - Бектенов
2035 жылға қарай инновациялық өнімдердің үлесін жалпы ішкі өнімнің 3 пайызына дейін ұлғайтуды қамтамасыз ету қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов айтты. - Өңір әкімдіктеріне ғылым мен инновацияларды қаржыландыруды кезең-кезеңмен ұлғайтып, оны 2029 жылға қарай жалпы өңірлік өнімнің кемінде 1 пайызына жеткізуді тапсырамын. 2035 жылға қарай инновациялық өнімдердің үлесін жалпы ішкі өнімнің 3 пайызына дейін ұлғайтуды қамтамасыз ету қажет. Ол үшін инновация саласында бірқатар жүйелі мәселелерді шешу керек. Соңғы жылдары бұл сала институционалдық жүйесіздік жағдайында дамып келді. Өңірлер тарапынан өз бетінше жұмыс жүргізілмегені көрініп отыр. Сондай-ақ инновациялық жүйеге қатысушылар арасында басымдықтардың тым көп екендігі де байқалады, - деді Үкімет басшысы.
Оның айтуынша, өнеркәсіптік кәсіпорындар, ғылыми ұйымдар мен салалық министрліктер даму бағыттарын әрқайсысы өз алдына айқындайды.

- Жалпы мемлекеттік деңгейде біртұтас нақты бағыт жоқ. Бұл жұмыстың тиімділігін төмендетеді. Мысалы, қолданбалы ғылымға бөлінетін мемлекеттік қаржыландыру көлемін өсіру оның тиімділігін жақсартпайды. Сондықтан қолданбалы зерттеулер мен экономикалық үдерістерді жүйелі түрде сабақтастыру, өндірісті оқшаулау мен жаңғыртуды ынталандыру, экспортқа бағдарланған технологияларды дамыту қажет. Бізге жекелеген идеялар мен тәсілдер емес, инновациялардың өнеркәсіптік әлеуетті дамытуға нақты үлес қосқаны қажет, - деді Олжас Бектенов.

Ұқсас материалдар