— Солтүстік-Оңтүстік бағыты қандай жағдай болса да, Қазақстан үшін стратегиялық басымдық болып қала береді, бірақ бұл шиеленістің қорытындысына қараймыз, — деп жауап берді Н. Сауранбаев Үкіметте өткен брифингте.
Министрдің айтуынша, қазіргі таңда жүк жөнелтушілер Парсы шығанағына бағытталған жүктерін ұстап отыр.
Сонымен бірге, Көлік министрі «Шекарада қалып қойған жүктер бар ма?» деген сұраққа жауап берді.
— Бұл қақтығыс біртіндеп күшейгенін ескерсек, негізгі жүк жөнелтушілер алдын ала жөнелтімді тежеп отырды. Сондықтан егер жүк кептелісі немесе кешігуі болған жағдайда сіздер оны естір едіңіздер, бұқаралық ақпарат құралдарында шу көтерілер еді. Қазіргі уақытта Иран бағыты бойынша ешқандай кідіріс жоқ, — деді министр.





