Бізге жазылыңыз:

Ипотека бойынша мөлшерлеме 20%-ға дейін шектелуі мүмкін – ҚНРДА басшысы

Ипотека бойынша мөлшерлеме 20%-ға дейін шектелуі мүмкін – ҚНРДА басшысы

Қазақстанда ипотекалық несиелер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін (ЖТСМ) 25%-дан 20%-ға дейін төмендету ұсынылуда. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова LS сайтына берген сұхбатында айтты.

📌 Әбілқасымованың айтуынша, бұл — алдын алу шарасы, яғни проблемалық берешектің өсуіне жол бермеу мақсатында ұсынылған.

«20%-дан жоғары ставкалар – халық үшін ауыр жүктеме. Банк ипотека беру кезінде ЖТСМ шегін ескеріп, қымбат несие беруден аулақ болуы тиіс», – деді агенттік төрайымы.

🔹 Неліктен бұл маңызды?
Бүгінгі таңда ипотекалық портфельдің 60%-ы – Отбасы банктің несиелері, 30%-ы – мемлекеттік бағдарламалар аясында берілген қарыздар («7-20-25» және т.б.). Ал тек 10–15%-ы – нарықтық ипотека.

🔍 Қазір агенттік Ұлттық банкпен бірлесіп БВУ арқылы берілген ипотекалық несие нарығына зерттеу жүргізуде. Оның қорытындысы бойынша бірқатар ұсыныстар әзірленеді. ЖТСМ төмендету жөніндегі өзгерістер мамыр айының соңына дейін қабылдануы мүмкін.

Ұқсас материалдар