Бізге жазылыңыз:

Импортқа тәуелділік артып барады: Ресейден келетін электр энергиясы күрт өсті

Импортқа тәуелділік артып барады: Ресейден келетін электр энергиясы күрт өсті

Бұл маусым айымен салыстырғанда 98%-ға, ал өткен жылдың шілдесімен салыстырғанда 74%-ға көп. Мұндай ақпаратты Ұлттық статистика бюросының дерегіне сүйене отырып, Бірінші несие бюросыхабарлайды.

Импортталған энергия көлемң де артты: бір айда импорт 102%-ға, бір жылда 59%-ға өсті. Шілдеде елге жеткізілген электр энергиясының көлемі 782,4 млн кВт*сағ құраған.

Жеті айда Қазақстан жалпы 2,3 млрд кВт*сағ электр энергиясын импорттады. Оның құны 169,2 млн долларды құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көлем 7%-ға, ал құны 24%-ға артып, соңғы 11 жылдағы ең жоғары деңгейге жетті.

Шілдеде ішкі сұраныс та ұлғайды. Ел ішінде сатылған электр энергиясы 10,1 млрд кВтсағ болып, өткен жылғы көрсеткіштен 8%-ға жоғарылады. Ал өндіріс көлемі небәрі 3%-ға өсіп, 9,4 млрд кВтсағ құрады.

Қазақстанға электр энергиясын негізінен Ресей жеткізеді. Шілде айында бұл елдің үлесіне импорт көлемінің 86%-ы (674,1 млн кВт*сағ) және құнының 96%-ы (54,8 млн доллар) тиді. Электр энергиясы көбіне таңертең және кешке, тұтыну шарықтаған кезде сатып алынады.

Ақпан айындағы ресми болжам бойынша, 2025 жылы Ресейден әкелінетін электр энергиясының көлемі 2 млрд кВт*сағтан аспауы тиіс еді. Алайда қаңтар-шілде аралығында бұл көрсеткіш дәл осы деңгейге жетті. Жоспарға сәйкес, 2027 жылға қарай Қазақстан сырттан электр энергиясын сатып алуды тоқтатуы керек.

Ұқсас материалдар