Бізге жазылыңыз:

Хорватиялық компания Қазақстанның геологиялық барлау секторына инвестиция салады

Хорватиялық компания Қазақстанның геологиялық барлау секторына инвестиция салады
Елордада өтіп жатқан GECA 2026 халықарлық геологиялық форумында Энергетика министрлігі, «ҚазМұнайГаз» және Хорватияның көмірсутек мәселелері жөніндегі агенттігінің еншілес компаниясы – GEOENERGIJA RAZVOJ d.o.o. арасында Ақтөбе облысындағы Шығыс учаскесінде көмірсутектерді барлау мен өндіру бойынша келісімшарт жасалды. Құжатқа Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров, ҚМГ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманғазы Есқазиев және ГЕОЭНЕРГИЯ директоры Марийо Галич қол қойды.

«Шығыс» жобасы тепе-тең талаптармен (50/50) іске асырылады. Бұл ретте хорват тарапы геологиялық барлау кезеңін толық қаржыландырады. Жұмыстардың ең аз көлемі 500 шақырым болатын 2D сейсмикалық барлау жүргізуді және тереңдігі 3 500 метр іздеу ұңғымасын бұрғылауды қамтиды. Қол қойылған келісімшарт Қазақстан мен Хорватия арасындағы стратегиялық серіктестіктің мәртебесін бекітеді.

Хорватиялық компания алғаш рет Қазақстанның геологиялық барлау секторына инвестиция салады. Бұл мемлекетаралық экономикалық ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын көрсетеді.

Ұқсас материалдар