ЖАҢАЛЫҚТАР
Халықаралық валюта қоры: Қазақстан 2025 жылды 13 пайыз инфляциямен аяқтауы мүмкін
ХВҚ сарапшыларының бағалауына сүйенсек, елдегі салық-бюджет саясаты жұмсақ күйінде қалып отыр. Бұған Ұлттық қордан ірі мөлшерде трансферт алу, мұнайдан тыс бюджет тапшылығының көлемі ЖІӨ-нің 8 пайызынан асып кетуі жағдай жасап отырғаны да айтылған.
- Инфляция қысым сақталып отырғандықтан қатаң ақша-несие саясаты мен өтімділікті неғұрлым тиімді басқару керек. ХВҚ миссиясы Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені көтергенін және банк жүйесіндегі құрылымдық өтімділікті сіңіруге қажетті минималды резервтік талаптарды біртіндеп арттырып жатқанын қолдайды. Ұлттық банктің айтарлықтай шектелген ақша-несие саясатын инфляция деңгейі көзделген межеге түскенше әрі қарай жалғастырып, инфляция өскен жағдайда базалық мөлшерлемені де көтергені дұрыс, - делінген қорытындыда.





