ЖАҢАЛЫҚТАР
Еуропаға виза режимін жеңілдету бойынша келіссөздің екінші раунды Астанада өтеді
Тараптар энергетика, көлік, логистика, цифрландыру, азаматтық авиация, визалық режимді жеңілдету және стратегиялық маңызды шикізатты өндіру мен пайдалану саласында өзара іс-қимыл мәселелері бойынша мазмұнды пікір алмасты. Отырыс барысында визалық режимді жеңілдету жөнінде келісімдер бойынша келіссөздердің басталғаны жарияланды.
Бұл Қазақстан мен ЕО арасындағы жоғары деңгейдегі сенімді көрсететін Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюдың он жылдығымен тұспа тұс келген маңызды қадам.
Келесі күні ҚР Сыртқы істер министрі Әлібек Бақаев пен Еуропалық комиссияның Миграция және ішкі істер жөніндегі бас директорат директорының орынбасары Иоханес Лухнер тең төрағалығымен ресми келіссөздердің бірінші раунды басталды. Тараптар өз тәсілерін таныстырып, негізгі бағыттарды келісіп, заманауи құқықтық база қалыптастыруға дайын екендігін растады.
Бұл база екіжақты сапарларды жеңілдетуге, гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге және халықаралық қатынастар арасындағы жақындастықты нығайтуға бағытталады.
Келіссөздердің келесі раунды 2026 жылы Астанада өткізіледі деп жоспарланған.





