Бізге жазылыңыз:

Энергетика министрлігі мен S&P Global Ratings мұнай-газ саласының дамуын талқылады

Энергетика министрлігі мен S&P Global Ratings мұнай-газ саласының дамуын  талқылады

Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев халықаралық S&P Global Ratings рейтингтік агенттігінің өкілдерімен кездесіп, Қазақстанның мұнай-газ саласының қазіргі ахуалы мен даму перспективаларын талқылады.

Кездесу барысында мұнай мен газ өндіру болжамдары, ірі инвестициялық жобаларды іске асыру, сондай-ақ қазақстандық энергия ресурстарын әлемдік нарықтарға жеткізуге арналған экспорттық инфрақұрылым мен логистиканы дамыту мәселелері қаралды.

Тараптар энергия ресурстарын жеткізудің тұрақтылығын қамтамасыз ету, экспорттық бағыттарды әртараптандыру, көлік инфрақұрылымын жетілдіру және жаһандық нарықтағы үрдістердің Қазақстанның энергетика секторына әсері жөнінде пікір алмасты.

Сондай-ақ Энергетика министрлігі агенттік өкілдерін саланың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, инвестициялар тарту, өндірістік қуаттарды жаңғырту және жаңа жобаларды іске асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.

Кездесу қорытындысында тараптар Қазақстанның энергетика секторын дамытуға қатысты талдамалық ақпарат алмасуды және өзара ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі екенін растады.

Ұқсас материалдар