
Оның сөзінше, бұл құрылыс сапасын қадағалауға да оңтайлы.
— Мынандай мысал келтірейін. Қазір кейбір нысан қолданысқа берілгеннен кейін меншік иесі оны жетілдіргісі келсе, қандай да бір өзгерту енгізгісі келсе, бастапқы құжаттарын таба алмай жатады. Өйткені құрылыс біткен соң өткізген құжаттар жоғалған болып шығады. Енді нысанды белгілі бір уақыт өткеннен кейін жаңғыртқыңыз келсе, бірегей нөмір бойынша жүйеден бүкіл құжатын таба аласыз. Бастапқы жобасы қандай болғанын, қандай материалдар мен тәсілдер қолданылғанын көре аласыз. Осы бірегей нөмір арқылы цифрлық форматта нысанды қадағалап отыруға болады, — деді Ерсайын Нағаспаев.