Оның айтуынша, халықпен кері байланыс жұмыстары да жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
— Telegram-бот арқылы 55 сұраныс қабылданып, тұтынушыларға тиісті түсініктемелер берілген. Сондай-ақ, азаматтарды жеке қабылдау барысында 116 азаматтың мәселесі тыңдалып, жедел желі телефонына 107 қоңырау түскен. Әрбір өтініш бойынша заң талаптарына сәйкес кеңес ұсынылған. Салалар бойынша талдау көрсеткендей, өтініштердің басым бөлігі бөлшек сауда саласына тиесілі — 619 өтініш. Сонымен қатар, білім беру саласында — 420, медициналық қызмет көрсету бойынша — 415, байланыс саласында — 311, электрондық саудада — 489 өтініш тіркелген. Бұдан бөлек, тұрмыстық қызмет көрсету саласы бойынша 236, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында 101, қоғамдық тамақтандыру бойынша 71, туристік қызметтерде 49, көлік қызметінде 24, қаржылық қызмет көрсету саласында 20 өтініш түскен. Ал өзге санаттағы өтініштер саны 529-ды құрады, — дейді Жанат Асантаев.
Осы жылдың үш айында департамент 48 кәсіпкерлік субьектісіне тексеріс жүргізген. Нәтижесінде тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылу фактілері анықталып, 48 кәсіптік субъектісіне айыппұл салынған.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында халық арасында түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Департамент мамандары азаматтарға кеңес беріп, тұтыну сауаттылығын арттыруға бағытталған жұмыстарды жүзеге асыруда. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде ақпараттық жарияланымдар тұрақты түрде орналастырылып келеді.





