Бізге жазылыңыз:

Елімізде отандық құрылыс материалдарының үлесі қандай

Елімізде отандық құрылыс материалдарының үлесі қандай
2024 жылдың қорытындысы бойынша отандық құрылыс материалдарының үлесі 67 пайызды құрады. Қазіргі кезде, 2025 жылдың 1-жартыжылдығының қорытындысы бойынша 70 пайызға ішкі нарық отандық өніммен қамтамасыз етіліп отыр. Осы айтылып өткен кезеңде ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы ақпаратына сәйкес, 713,1 млрд теңгеге отандық өнім өндірілді, - делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген ақпаратында.
Қазір шет елдерден керамикалық тақтай, керамикалық санитарлы-техникалық өнімдер, отқа төзімді кірпіштер тасымалданады.

- Жоғарыда айтылып өткен аса көп импортталатын материалдарды отандық өніммен алмастыру мақсатында былтырдың аяғында «Wan Sheng Ceramic» ЖШС (керамикалық тақтай), «Almaty Insulation» ЖШС (жылуоқшаулағыш материалдар), «Семей құрылыс материалдары» ЖШС (қасбетке арналған фиброцементті панель) зауыттары іске қосылды. Сонымен қатар, санитарлы- керамикалық өнімдер өндіру мақсатында Қызылорда облысында инвестормен келісу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2025 жылдың 1-жартыжылдығында импортты алмастыру мақсатында іске қосылған өнеркәсіп орындарының арқасында керамикалық тақтай (+179%) және фиброцементті панельдің (+700 млн шаршы метр) өндірістік көлемі ұлғайып отыр, - деп аталып өткен ведомство ақпаратында.

Ұқсас материалдар