Бізге жазылыңыз:

Электр және жылу желілерін диагностикалауға арналған ЖИ енгізіліп жатыр

Электр және жылу желілерін диагностикалауға арналған ЖИ енгізіліп жатыр
Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун хабарлады. 
Жаңа тәсіл бойынша электр желілерін әуеден шолу және фотосуретке түсіру үшін дрондар пайдаланылады. Бұл қазіргідей бағана басындағы сымдарды қолмен тексеру үшін жүк көтергіш техниканы пайдалануға тура келетін жұмысы көп әрі қауіптілеу тәжірибеден бас тартуға мүмкіндік береді. Болашақта дрондар өз бетінше дербес жұмыс істейтін болады, ал жасанды интеллект суреттерді талдап, ақауларды анықтап, тәуекелдерді болжап, желі бойында үздіксіз бақылауды қамтамасыз етеді. Осыған ұқсас шешім жылу желілерін диагностикалау үшін де қолданылады.

— Мұндай тәсіл мұнай саласында бұрыннан қолданылып келеді, ал қалалардағы инфрақұрылым үшін жаңадан пайда болды. Бұл жылан тәрізді ұзын құрылғы, көлемі үлкен, көптеген датчиктері бар. Міне, сол робот құбыр арқылы өтіп, оның 3D моделін жасайды және қай жерде ақаулар, тоттар, кептелістер бар екенін анықтайды. Бұл уақтылы мониторинг жүргізіп, дер кезінде әрекет етуге көмектеседі, — деп атап өтті вице-министр.

Ұқсас материалдар