Қазақстанда металл сынықтары мен қалдықтарын сыртқа шығаруға салынған тыйым ұзартылды. Тиісті бұйрыққа Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев қол қойды.
Құжатқа сәйкес, Қазақстан аумағынан көліктің барлық түрімен келесі өнімдерді шығаруға алты ай мерзімге тыйым салынады:
- мыс, алюминий, қорғасын қалдықтары мен сынықтары, сондай-ақ құрамында қорғасын, кадмий немесе сынап бар өзге де қалдықтар;
- қара металл қалдықтары мен сынықтары, қайта балқытуға арналған қара металл құймалары (шихталық құймалар);
- пайдаланылған құбырлар, рельстер, теміржол табаны мен жылжымалы құрам элементтері.
Бұйрық 2026 жылғы 1 мамырдан бастап өз күшіне енеді. Тыйым 2025 жылдың қазанында басталған еді.





