ЖАҢАЛЫҚТАР
Өңдеу өнеркәсібі 2025 жылы 6,1%-ға өсіп, өндіріс көлемі 16 трлн теңгеден асты

— Биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібі 6,1%-ға өсті, ал өнім өндіру көлемі 16 трлн теңгеден асты. Бұл жерде экономикадағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 13,9%-ға дейін артқанын атап өткім келеді, — деді министр.
Отандық өндірістің өсуін ынталандыру мақсатында қаржылық қолдау құралдары пайдаланылуда.
— Біз жергілікті, отандық өндірушілердің өсуін ынталандыру мақсатында белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз: өңдеу өнеркәсібінің 115 жобасын қолдауға 500 млрд теңге бөлінді. Бұл «Бәйтерек» холдингі сияқты даму институттары арқылы жүзеге асырылды, — деп атап өтті Ерсайын Нағаспаев.
Сонымен қатар мемлекеттік сатып алуда отандық өндірушілерге басымдық берілді: 2025 жылдың 7 айында сатып алу көлемі 1,5 есеге өсіп, жалпы құны 1,2 трлн теңгеден асты.
Тағы бір маңызды қолдау құралы — қазақстандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімі, ол сатып алудың ашықтығын арттырып, жалған өндірушілерді жоюға мүмкіндік береді. Оның іске қосылуы осы жылдың күзіне жоспарланған.