БЖЗҚ жинағының жеткілікті шегі қаншаға көтерілетіні келесі айда белгілі болады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев БЖЗҚ жинағының жеткіліктілік межесі қаншаға көтерілетіні келесі айда белгілі болатынын айтты. - Біз қаулы жобасын екі рет жолдағанбыз. Бірінші жобада БЖЗҚ шотындағы жеткіліктілік межесін болжанып отырған инфляция деңгейіне көтеруді ұсындық. Мемлекеттік органдар бұған басқа әдістеме көрсетті. Межені саралап, санат бойынша есептеп көтеруді ұсынып отыр. Қаулы жобасын қайта жолдадық, енді күтіп отырмыз. Біз сол есептердің ішінен бір формуланы таңдап, қаулы жобасына енгіземіз де, мақұлдауға жібереміз. Жалпы келесі айда нақты шешім қабылдайтын шығармыз деп ойлаймын, - деді ол.
Ведомство басшысы бұл мәселеде мемлекеттің нақты ұстанымы бар екенін айтты.
- Ол межені көтеру керек. Бұл – біздің ұстанымымыз. Әр азамат зейнет жасына жеткенде лайықты зейнетақы алу керек деп есептейміз. Соңғы 5 жылда қордан 5 трлн теңге алынғанын айттым. Оны ипотека мен емделуге жұмсап жатқанын түсінемін. Бірақ келешекті де ойлау керек. Зейнет жасына жинайтын ақшамызды бүгі құртып тастауымыз керек, - деді министр.





