ЖАҢАЛЫҚТАР
Былтыр мемлекеттік еңбек инспекторлары 62,8 мың жұмыскердің құқығын қорғады
— Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 11,8 мың жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 2,85 млрд теңге төленді, — делінген хабарламада.
Бұдан басқа, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында.
2025 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 6 599 тексеру жүргізді, оның барысында 8 720 бұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек саласында — 7 089; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша — 1 585; халықты жұмыспен қамту бойынша — 46.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 51 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.





