Бізге жазылыңыз:

Бозжырада визит-орталық пен туристік кешеннің құрылысы басталды

Бозжырада визит-орталық пен туристік кешеннің құрылысы басталды

Маңғыстау облысындағы Бозжыра шатқалында визит-орталық пен туристік кешеннің құрылысы басталды. Жоба аясында 17 глэмпинг-павильон, 50 қонақүй нөмірі, жалпы аумағы 450 шаршы метр болатын визит-орталық және этно-кафе салу көзделіп отыр.

Аталған кешенді 2027 жылы пайдалануға беру жоспарланған. Жоба Pana Asia қазақстандық инвесторының қаржысы есебінен жүзеге асырылуда.

Сондай-ақ, Бозжыраға апаратын жол бойында 12 гектар аумақта жол бойы қызмет көрсету нысанының құрылысы жүріп жатыр. Бұл нысан 2026 жылы ашылады деп күтілуде.

Бұған дейін Kazakh Tourism компаниясы Бозжыра, Жығылған, Қапамсай, Торыщ, Шерқала, Айрақты-Шоманай сияқты туристік орындар маңында сапалы туристік инфрақұрылым құру қажеттігін мәлімдеген болатын. Атап айтқанда, визит-орталықтар желісін дамыту, сондай-ақ туристерге арналған глэмпинг, кемпинг, шатырлы қалашықтар мен қонақ үйлер салу қажеттілігіне назар аударылған.

Бозжыра жобасы — халықаралық деңгейдегі туристік өнімді қалыптастыру жолындағы маңызды қадам ретінде қарастырылуда.

Ұқсас материалдар