Бізге жазылыңыз:

Биыл Павлодар облысында 2,67 млн тонна астық жиналады деп болжанды

Биыл Павлодар облысында 2,67 млн тонна астық жиналады деп болжанды
Ертіс-Баян өңірінің диқандары жиын-терім жұмыстарына кірісе бастады. Ерте пісетін ауыл шаруашылығы дақылдарының 35,6 мың гектары жиналды. Осы аптада облыс шаруашылықтары дәнді дақылдарды, картоп пен көкөністерді жаппай жинауға кіріседі.

— Биыл жалпы егін алқабы 1 445,4 мың гектарды құрайды, бұл өткен маусымға қарағанда 78,7 мың гектарға артық. Майлы дақылдар мен картоп дақылдары бойынша айтарлықтай өсім тіркелді. Қолайлы жағдайлардың арқасында жалпы көлемі 2,67 млн тонна шамасында өнім жиналады деп күтілуде және бұл былтырғы көрсеткіштен 13%-ға жоғары, — деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
Биыл фермерлер дара дақылды егіске тәуелділікті азайтып, жоғары рентабельді және сұранысқа ие дақылдарға көшкен. Әртараптандыру ішкі нарықты отандық өніммен толтыруға, қайта өңдеуді қамтамасыз етуге және облыстың азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді. Диқандарды қолдау үшін 6,1 млрд теңге көлемінде субсидиялар бөлініп, дамыту институттары арқылы жеңілдетілген несиелер мен техникалар берілді. Егін жинау жұмыстарына арзандатылған дизель отыны бөлінді. 

— Аймақтағы астық қоймаларының жалпы сыйымдылығы шамамен 1,2 млн тоннаны құрайды, бұл биылғы өнімді толық көлемде сақтауға мүмкіндік береді. Өткен жылдардағыдай маусымаралық кезең үшін 10 мың тонна картоп және 3 мың тонна сәбіз сақтау бойынша ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен меморандум жасалатын болады. Ауыл шаруашылығы дақылдары тұқымдарының қажетті көлемін қамтамасыз ету, 25 қазанға дейін шөп дайындау науқанын аяқтап, жемшөпті жеткізу көзделіп отыр, — деп қосты әкімдіктен.

Ұқсас материалдар