
Статистикалық деректерге сәйкес, 7 айдың қорытындысы бойынша 9,4 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 86 мың пәтер пайдалануға берілді.
8 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.
Осы орайда Президент былтыр 19 миллион шаршы метр баспана пайдалануға берілгенін айта келе, құрылыс сапасын арттыру үшін жасанды интеллект технологияларының (Building Information Modeling, BIM) көмегімен ғимараттарды ақпараттық модельдеу әдісін кеңінен қолдану керек екенін тапсырды.